Еліміз бойынша 14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

13 Шілде 2024, 20:41
351
Бөлісу:
Еліміз бойынша 14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 2024 жылы 14 шілдеде, жексенбіде Қазақстан бойынша ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде, шығыс аймақтарды қоспағанда, ауа райы жауын-шашынды болады деп күтіледі.

Оңтүстік циклон және онымен байланысты жылжушы атмосфералық фронтальды бөліктерге байланысты солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік, орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Еліміздің шығысында ғана антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, сондай-ақ солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады, - деді "Қазгидромет" РМК

Күндіз Алматы, Жетісу және Абай облыстарында аптап ыстық сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Атырау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Жамбыл және Ұлытау өңірлерінің батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, шығысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, ал Атырау облысының оңтүстік-шығысында аса төтенше өрт қаупі күтіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы