Еліміз 2029 жылға дейін парниктік газ шығарындыларын азайтады

31 Тамыз 2024, 08:50
809
Бөлісу:
Еліміз 2029 жылға дейін парниктік газ шығарындыларын азайтады
Фото: Артём Чурсинов -архив

Еліміздің 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент биыл 30 шілдеде Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын бекіткені белгілі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сәйкес, осы жоспар 2024-2026 жылдар аралығында экология мен климатты жақсартуға арналған негізгі бағыттарды қамтиды.

Негізгі бағыттары:

  • Парниктік газдар шығарындыларын қысқарту. Бұл бағытта шығарындыларды саудалау жүйесін күшейту жоспарланған, бұл климатқа зиян келтиретін шығарындыларды азайтуға көмектеседі.
  • Ауа сапасын жақсарту. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ірі кәсіпорындар экологиялық рұқсат алып, ең жақсы қолжетімді технологияларды қолдануға міндеттеледі. Бұл ауадағы ластаушы заттарды азайту үшін озық экологиялық технологияларды пайдалануды талап етеді.

Бұл шаралар қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға және азаматтарға сау әрі қауіпсіз экологиялық жағдай жасауға көмектеседі.

Өзгелердің жаңалығы