Елге 6,5 млн қорап темекіні заңсыз кіргізбек болған

20 Қыркүйек 2024, 11:53
420
Бөлісу:
Елге 6,5 млн қорап темекіні заңсыз кіргізбек болған
Фото: ҚМА

6,5 млн қорап темекінің кедендік құны 1,5 млрд теңгені, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар 1,8 млрд теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА қызметкерлері көлік прокуратурасын үйлестірумен, ҰҚК Шекара қызметі және Маңғыстау облысының МКД қатысуымен Кедендік бақылау аймағынан тыс жасырын өтіп, Түрікменстан аумағынан әкелінген контрабандалық темекі партиясын ұстады. 

Ұсталған автокөліктің жүкқоймасында жолқұжаттарда көрсетілген тауарлардың орнына іс жүзінде темекі кораптары болған. 6,5 млн қорап темекінің кедендік құны 1,5 млрд теңге, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар 1,8 млрд теңге, - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта аталған дерек негізінде экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы