Елге 150 мың қорап темекіні заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталған тауардың жалпы құны шамамен 60 млн теңгені құрайды.

 ҰҚК баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 10:31
Бүгiн 2026, 10:31
130
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

«Сыпатай батыр» автокөлік өткізу пунктінде акцизсіз темекі өнімдерін ел аумағына заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері 19 ақпанда жүргізген бақылау барысында 150 мың қорап темекі тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталған тауардың жалпы құны шамамен 60 млн теңгені құрайды.

Тексеру кезінде темекі бұйымдарының автокөлік цистернасының жасырын бөлігіне жасырылғаны анықталған. Жүк ілеспе құжаттарсыз тасымалданған.

Аталған дерек бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органға жолданды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Наверх