Еленовка енді Самалтау деп аталады – Ақмола облысы

6 Қыркүйек 2022, 01:42
4684
Бөлісу:
Еленовка енді Самалтау деп аталады – Ақмола облысы

Ақмола облысы Зеренді ауданына қарасты Еленовка ауылының атауы Самалтау болып өзгертілді. Бұл туралы ақын Мерген Тоқсанбай әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдымен өзге ұлт өкілдері ауыл атауының өзгеруіне қарсылық танытқан. Десе де, атауды қазақшалауды қолдағандар басым түскен.

Бүгін Еленовка ауылының атын ауыстыруға арналған жиналыс болды. Бұл жердің тарихи атауы – Самалтау!
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ермек Нугманов ағам ұлттық мүдде, ономастика мәселелері жөнінде сөз сөйлей бастап еді, әдеттегідей орыс апайлар шулап қоя берді. Алмас ағам күні-түні ізденіп архив пен ескі кітаптардан, газет-журналдардан тапқан деректерін алға тартып, ақыры дауысқа салып, ауыл атын қазақшалаймыз дегендер басым түсті. Біздің жігіттер сол жиналыстың хаттамасын жазып, орысшаға аударып, қол қойып, мөр басып бір-ақ кеттік. Орыстардың ығына жығылып хаттама теріс толтырылмасын деп сақтанған түріміз ғой, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы