Елена Рыбакинаның жұптық сындағы қарсыласы анықталды

29 Сәуір 2023, 11:28
1009
Бөлісу:
Елена Рыбакинаның жұптық сындағы қарсыласы анықталды
Фото: prosports.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакинаның жұптық сында Мадрид ATP 1000 турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Е.Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге екінші айналымда украиналық Марта Костюк – румыниялық Елена Габриэла Руземен шеберлік байқасады.

М.Костюк – Е.Рузе бастапқы кездесуін тағы бір қазақстандық Анна Данилина – мажарстандық Тимея Бабошпен өткізді.

Бұл матчта бірінші партияда украиналық-румыниялық жұп басым түсті – 6:4.

Екінші сетте А.Данилина – Т.Бабош дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:4.

Супер тай-брейкте М.Костюк – Е.Рузе жеңісті жұлып алды – 12:10..

Өзгелердің жаңалығы