Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елена Рыбакина Уимблдон сыйақысының бір бөлігін жануарларды қорғауға жұмсамақ.
Бұны Елена Рыбакина елордада өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Ең алдымен юниорларға қол ұшын созғым келеді. Сыйақының басым бөлігін соларға жұмсаймын. Жақында жануарларды уақытша ұстау орнында (приют) болдым. Ол жер маған үлкен әсер қалдырды. Осы орайда сыйақының бір бөлігін жануарларды қорғауға бағыттағым келеді, - деп атап өтті Елена Рыбакина.