Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елена Рыбакина Уимблдон-2025 турнирінен қанша пайда тапты

6 Шілде 2025, 04:18
989
Бөлісу:
 instagram.com/lenarybakina
Фото: instagram.com/lenarybakina

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон-2025 жарысының үшінші айналымына дейін жетіп, 177 840 еуро көлемінде жүлде қаржысын иеленді. Сонымен қатар, ол осы нәтижесі үшін 130 рейтингтік ұпай жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Алайда бұл нәтиже жанкүйерлер үшін күтпеген жағдай болып, әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Рыбакина даниялық Клара Таусоннан (WTA №22) 6:7, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, Рыбакина 2022 жылы Уимблдон чемпионы атанды. Ал 2024 жылы жартылай финалға жеткен болатын.

2025 жылғы турнирдің жалпы жүлде қоры – 22 714 380 еуро, ал жеке чемпион 3 510 000 еуро және 2000 ұпай алады.

Қазіргі Уимблдон чемпионы – чехиялық Барбора Крейчикова (WTA №16).

Өзгелердің жаңалығы