Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирінде жеңіске жетті

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде екінші рет чемпион атанды.

 Ұлттық олимпиада комитеті Бүгiн 2026, 19:18
Бүгiн 2026, 19:18
144
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина беделді WTA 500 санатындағы Штутгарт турнирінде қайтадан чемпион атанды. Финалда ол чех теннисшісі Каролина Мухованы 7:5, 6:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалдық матч тартысты басталғанымен, бірінші сеттегі шешуші сәттерде Рыбакина қарқынын арттырып, партияны өз пайдасына шешті. Ал екінші сетте ол толық үстемдік көрсетіп, қарсыласына мүмкіндік бермеді.

Турнир барысында қазақстандық спортшы бірнеше қиын кездесулер өткізді. Бірінші айналымда ол Диана Шнайдерді 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Ширек финалда Лейла Фернандесті үш сетке созылған ойында ұтты — 6:7, 6:4, 7:6. Жартылай финалда Мирра Андрееваны сенімді түрде 7:5, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Штутгарттағы жеңіс Рыбакинаға 500 рейтингтік ұпай мен 161 310 еуро көлемінде жүлде әкелді. Сонымен қатар турнир дәстүрі бойынша чемпионға бас жүлде — Porsche 911 Carrera S автокөлігі табысталды.

Бұл титул Рыбакина үшін 2026 жылғы маусымдағы екінші жеңіс болды, бұған дейін ол Australian Open турнирінде де чемпион атанған. Ол Штутгарт турнирін 2024 жылы да жеңіп алған болатын, осылайша әлемнің ең мықты теннисшілерінің бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Наверх