Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елена Рыбакина Ningbo-2025 турнирінде жеңіске жетті

19 Қазан 2025, 19:15
597
Бөлісу:
 Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннисші Елена Рыбакина Ningbo-2025 турнирінде жеңіске жетіп, әлемдік рейтингте жетінші орынға көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазанның 19-ы күні Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 халықаралық теннис турнирі өз мәресіне жетті. Бұл жарыста жекелей сынның басты трофейін қазақстандық Елена Рыбакина жеңіп алды.

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы финалдық кездесуде ресейлік Екатерина Александровамен үш сетке созылған тартысты матч өткізіп, 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түсті.

Осы жеңістің арқасында Рыбакина маңызды рейтингілік ұпайларды еншілеп, 2025 жылдың 20 қазанынан бастап әлемдік рейтингте жетінші ракетка атанады.

Өзгелердің жаңалығы