Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA турнирдің финалында Даниэль Коллинзді (53 WTA) жеңе алмады, , деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу 7:5, 6:3 есебімен аяқталды.
Матч 2 сағаттан сәл астам уақытқа созылды. Рыбакина 5 рет эйс жасап, 11 брейк-пойнттың тек біреуін пайдалана алды.
Қазақстандық теннисші Miami Open турнирінің финалында ойнағаны үшін 650 ұпай алады. Жаңарған әлемдік рейтинг кестесінде Елена 4-орында қалады.