Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады

Шешуші сетте Елена ойын тізгінін өз қолына алып, кездесуді жеңіспен аяқтады.

 ҰОК Кеше 2026, 19:47
Кеше 2026, 19:47
179
Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан Masters сериясындағы турнирдегі алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы жарысты екінші айналымнан бастап, тартысты кездесуде АҚШ өкілі Хэйли Баптисті 7:6, 2:6, 6:2 есебімен жеңді. Матч өте шиеленісті өтті: алғашқы сетте тай-брейкте басым түскен Рыбакина екінші партияда қарсыласына жол берді. Алайда шешуші сетте ойын тізгінін толық өз қолына алып, кездесуді жеңіспен аяқтады.

Турнирлік кестеге сәйкес, қазақстандық теннисші рейтингте польшалық спортшы Ига Свёнтекке жақындай түсу мүмкіндігіне ие. Екі теннисші турнир барысында тек жартылай финалда ғана кездесуі ықтимал.

Келесі айналымда Рыбакинаның қарсыласы Марта Костюк пен Тэйлор Таунсенд арасындағы матчтың жеңімпазы болады.

Наверх