Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Францияның "Ролан Гаррос" ашық чемпионатында үшінші айналымда жол беріп қойған Мэдисон Кизбен тағы жүздесуге мүмкіндік алып, есесін қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина Чехияның Острава қаласында өткен жекелей сында дебют жасады, деп жазды sports.kz.
Әлемнің 17-ші ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизға қарсы матчтың үш сетінде де ол жеңіске жетті 5:7, 6:3, 6:3. Матч 2 сағат 11 минутқа созылды.
Кездесу барысында Рыбакина жеті эйс жасап, төртеуінде қателік жіберді. Сондай-ақ, ол сегіз гейм мен төрт ұпайды қатарынан жеңіп алды.
Бұған дейін Францияның "Ролан Гаррос" ашық чемпионатында қазақстандық теннисші үшінші айналымда осы Кизден жеңіліп қалған болатын.