Елена Рыбакина Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің үшінші айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Getty Images 18 Қаңтар 2025, 10:35
18 Қаңтар 2025, 10:35
776
Фото: Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің үшінші айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол бұл айналымда украиналық теннисші, әлемнің 33-ракеткасы Даяна Ястремскаямен кездесті.

Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Рыбакина матч кезінде екі эйс жасап, екі қос қателік жіберді және 11 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдалана білді.

Енді ол төртінші айналымда америкалық теннисшілер Мэдисон Киз бен Даниэль Коллинз арасындағы мачтың жеңімпазымен кездеседі.

 

Наверх