Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінде үшінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Мастерстің» ширек финалына шығу үшін Елена Рыбакина әлемнің 29-ракеткасы америкалық Элисон Риске-Амритрайды жеңді.
Бұл олардың WTA-TOUR турниріндегі алғашқы бетпе-бет кездесуі болды. Оның өзінде «Уимблдона – 2022-нің» чемпионы басым түсті. Қазақстанның үздік теннисшісіне бұл жеңісі үшін ойын уақытының жарты сағаты мен екі сет қажет болды: 6:2, 6:4.
Енді Елена Рыбакина ширек финалда Ига Швентек (Польша) пен Мэдисон Киз (АҚШ) арасындағы кездесудің жеңімпазымен сайысқа түседі.