Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елена Рыбакина әлемнің алғашқы ракеткасын жеңді

25 Желтоқсан 2022, 11:11
1520
Бөлісу:

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайдағы World Tennis League көрме командалық турнирі аясында Польша өкілі Ига Швенткені жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Поляк спортшысына қарсы кездесуде Рыбакина 6:3, 6:1 есебімен екі сетте де жеңіске жетті. Ойын бір сағат екі минутқа созылды.

Сондай-ақ, қазақстандық теннисші қатарынан сегіз ұпай жинап, бес геймді жеңіп алды.

Айта кетсек, Швентек - әлемнің алғашқы ракеткасы.

Өзгелердің жаңалығы