Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 22-ден 21-орынға көтерілді.
Сөйтіп ол ТОП-20 теннисшінің қатарына жуықтады.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 51-орнын сақтап қалды.
Жібек Құламбаева 441-ден 444-ке сырғыды.
Әлемдік рейтингіде үздік үштікте ешқандай өзгеріс жоқ: Ига Швентек (Польша), Онс Жабер (Тунис) және Джессика Пегула (АҚШ).
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина бұрынғыша 11-сатыда тұр.
Жұптық сында ТОП-3 те өзгеріссіз: Катерина Синякова (Чехия), Вероника Кудерметова (Ресей) және Барбора Крейчикова (Чехия).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің Астанада өткен турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.