Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елена Рыбакина әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қосылды

15 Тамыз 2022, 15:10
1141
Бөлісу:

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қайта кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жариялаған рейтингіде Елена Рыбакина 27-ден 25-орынға көтерілді.

Торонто турнирінің ширек финалына дейін жеткен Юлия Путинцева 46-дан бірден 38-ге жоғарылады.

Зарина Дияс 244-тен 241-ге, Гөзал Айнитдинова 587-ден 584-орынға шықты.

Жұптық сында Анна Данилина 21-орнында қалса, Жібек Құламбаева 258-сатыда.

Ерлер арасында Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 41-ден 42-ге, Дмитрий Попко 189-дан 219-ға төмендеді. Есесіне Михаил Кукушкин 222-ден 213-ке жайғасып, қайтадан Қазақстанның екінші ракеткасы атанды.

Жұптық сында Андрей Голубев 44-тен 47-ге сырғыса, Александр Недовесов 57-ден 54-ке көтерілді.

Өзгелердің жаңалығы