Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс тапқан 10 теннисшінің қатарына енді

Оның бір жылдағы жалпы табысы 16,3 миллион долларды құрады.

 instagram.com/lenarybakina Бүгiн 2026, 08:32
Бүгiн 2026, 08:32
170
Фото: instagram.com/lenarybakina

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең жоғары табыс тапқан теннисшілердің үздік ондығына енді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Рейтингте Рыбакина 10-орынға жайғасты. Оның бір жылдағы жалпы табысы 16,3 миллион долларды құрады. Оның ішінде 11,3 миллион доллары жүлде қорларынан, ал 5 миллион доллары демеушілік келісімшарттардан түскен.

Рейтингтің көшін испаниялық Карлос Алькарас бастап тұр. Оның жылдық табысы 62,9 миллион долларды құраған. Екінші орында Янник Синнер (Италия) – 59 миллион доллар, ал үздік үштікті америкалық Коко Гауфф (40,3 миллион доллар) түйіндеді.

Сондай-ақ алғашқы ондыққа Серена Уильямс, Арина Соболенко, Новак Джокович, Чжэн Циньвэнь, Ига Швёнтек және Александр Зверев енді.

2026 жылғы ең көп табыс тапқан теннисшілердің рейтингі:

  1. Карлос Алькарас (Испания) – 62,9 млн доллар;
  2. Янник Синнер (Италия) – 59 млн;
  3. Коко Гауфф (АҚШ) – 40,3 млн;
  4. Серена Уильямс (АҚШ) – 40 млн;
  5. Арина Соболенко (Беларусь) – 35,9 млн;
  6. Новак Джокович (Сербия) – 25,6 млн;
  7. Чжэн Циньвэнь (Қытай) – 24,6 млн;
  8. Ига Швёнтек (Польша) – 22,8 млн;
  9. Александр Зверев (Германия) – 16,7 млн;
  10. Елена Рыбакина (Қазақстан) – 16,3 млн доллар.

Айта кетейік, Рыбакина 2026 жылғы маусымда Australian Open турнирінде жеңіске жетіп, мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» титулын иеленді. Сондай-ақ ол 2025 жылдың соңында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінде топ жарып, бес матчтың барлығында жеңіске жетуінің арқасында 5,23 миллион доллар көлемінде сыйақы алған болатын.

Наверх