Елімізде электрондық сауда инфрақұрылымы дамып жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Меншікті инфрақұрылымы 100 мың шаршы метр болатын Teez жаңа қазақстандық маркетплейс іске қосылды. Жақын арада 10 мың жұмыс орны құрылады. Инвестициялар 50 миллион долларға жетті. Сондай-ақ, осы жылы Ozon және Wildberries маркетплейстер Астана және Алматы қалаларында инвестиция көлемі 101,3 миллиард теңге болатын жалпы ауданы 291 мың шаршы метр 3 орталық салу жоспарлануда, – дейді Абайұлы Үкімет отырысында.
Трансшекаралық электрондық сауданы ынталандыру мақсатында өткен жылдың 6 қарашасында Бішкек қаласында, Түркі мемлекеттерінің ұйымы шеңберінде Үкіметаралық келісімге қол қойылды.
Электрондық сауда саласында халықаралық құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, ол Дүниежүзілік сауда ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық және Орталық Азия аясында жүзеге асырылуда, – деді Сауда министрі.
Еске сала кетейік, бүгін Үкімет отырысы жаңа тағайындалған Әділет министірінің ант беруімен басталғанын және елімізде электрондық сауда 5 есе өскені туралы жазған едік.