Елімізде электрондық ресурстың жалпы көлемі 70 000 астам құжаттардың цифрлық көшірмесін құрайды. Жыл сайын порталға әлемнің 100 елінің пайдаланушылары кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш мәлімдеді.
Қазақстандық Ұлттық электрондық кітапханасы (www.kazneb.kz.) автоматтандырылған ақпараттық кітапхана жүйесі әзірленді. Ресурстың жалпы көлемі 70 000 астам құжаттардың цифрлық көшірмесін құрайды. Жыл сайын порталға әлемнің 100 елінің пайдаланушылары кіреді. Көшбасшы елдер қатарында Қазақстан, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркия бар. 2022 жылғы көрсеткіштер бойынша порталға 260 458 пайдаланушы кіріп, 554 439 рет қаралып, 701 069 құжат жүктелген. Елімізде электронды кітапхананының цифрлық ортада табысты жұмыс жасауына мүмкіндік беруіміз қажет, – деді Мәдениет және ақпарат министрлігінің архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, кітапханашылар жалақысының аздығы кадр тапшылығын туындатты.
Сонымен қатар BAQ.KZ агенттігі әлем бойынша кітапханаларға қатысты қызықты деректерді жинақтады. Мәселен адам терісімен қапталған кітап, су бетіндегі кітапхана және т.б.