Электрондық шот-фактураларды куәландыру Кірістер басқармаларында жүзеге асырылады

22 Қаңтар 2021, 15:12
1435
Бөлісу:
Электрондық шот-фактураларды куәландыру Кірістер басқармаларында жүзеге асырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, 2021 жылдың 20 қаңтарынан бастап ДСҰ алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды ЕАЭО елдеріне экспорттау кезінде электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру мәселесі туындағанын хабарлады.

ЭШФ жазып беру мүмкіндігі қайта жаңартылғанға дейін тауарға ілеспе жүкқұжаттарды куәландыру үшін тіркелген ТІЖ деректеріне сәйкес ЭШФ нысаны бойынша қағаз жүзінде шот-фактура қалыптастыру қажет.

Экспортаушының тіркелеген жеріне қарамастан қағаз жүзіндегі ЭШФ және ТІЖ көшірмелерін куәландыру, аудандық мемлекеттік кірістер Басқармаларында жүзеге асырылады. Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелері куәландыру бойынша тиісті рәсімдерді жедел жүргізуге бағытталған, сондай-ақ қағаз жүзіндегі ЭШФ және ТІЖ көшірмелерін тікелей мемлекеттік шекарада куәландыру сұрағы пысықталуда, - делінген таратылған ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы