Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің мобилді нұсқасы таныстырылды

27 Қаңтар 2021, 14:35
2085
Бөлісу:
Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің  мобилді нұсқасы таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IOS платформасына арналған қосымшамен жұмыс әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлады ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.

Мобилді қосымша ақпараттық жүйеде салық төлеушілерге қашықтан жұмыс істеуге көптеген мүмкіндік бермек. Бұл, әсіресе, пандемия жағдайында көкейтесті болып отыр.

Қосымша салық төлеушілерге смартфон арқылы электрондық нысандағы келесі құжаттармен жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді: электронды шот-фактуралар (ЭШФ); тауарларға ілеспе жүкқұжаттар (ТІЖ); электрондық шарттар (ЭҚ); орындалған жұмыстардың актілері (ОЖА).

Қосымша жүйенің тіркелген қатысушыларына ғана қолжетімді, сондықтан бета-нұсқада жұмыс істеу үшін ЭШФ АЖ веб-порталында тіркеуден өту қажет. 

Егер Сіз ЭШФ АЖ қатысушы ретінде тіркелген болсаңыз, құрылғыны дербес компьютерге қосу арқылы смартфонға ЭЦҚ файлдарын жүктеу немесе электрондық поштадан смартфондағы ЭЦҚ файлдарын сақтау қажет, - делінген хабарламада.

 «ЭШФ» АЖ мобилді қосымшасы жүйенің келесі функцияларын пайдалануға мүмкіндік береді. Қосымшада ЭЦҚ арқылы авторизацияны жүзеге асыру,         смартфонның экранына риѕһ-хабарламалар алу және қосымшадағы ескертулерді қарау, компания басшысына жаңа қызметкерлерді шақыру, ЭШФ АЖ веб-порталында жарияланған жаңалықтарға жылдам қол жеткізу, профильді өңдеу және көптеген тағы басқа мүмкіндіктер бар. 


Өзгелердің жаңалығы