Электромобильдерді сату кезінде жосықсыз бәсекелестік анықталды

14 Желтоқсан 2023, 14:59
421
Бөлісу:
Электромобильдерді сату кезінде жосықсыз бәсекелестік анықталды
Фото: Бас көлік прокуратурасы

Әлемдік тенденция, техникалық сипаттамалар және электромобильдерді әкелу кезінде мемлекеттік төлемдерден босату олардың сұранысының артуына әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас көлік прокуратурасының мәлімдеуінше, ​мұндай преференцияны қолданудың негізгі шарты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке пайдалану үшін жылына тек 1 машинаны әкелу болып табылады.

​Алайда іс жүзінде электромобильдер жеке пайдалану үшін рәсімделгенімен кейіннен қайта сатылуға әкелінген, оның ішінде 8 автосалонмен де.

​Тек Алматы қаласы бойынша көлік прокурорлары осындай 34 қайта сату белгілерін анықтаған, онда мемлекеттің болжамды шығындары 100 млн теңгеден асады.

​Мұндай жағдайда мемлекеттік қазынаға зиян келтіруден басқа, салауатты емес бәсекелестікке жол берілген, бұл көбінесе адал бизнесті банкрот деп танылуына әкеледі.

​Бұл электромобильдерге қатысты кеден саласындағы жалғыз мәселе емес.

​Мемлекеттік кіріс органдары оларды кедендік тазарту кезінде заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етпейді.

Мысалы, «Li Auto» (Li 7 және 9) маркалы автокөліктің жағдайы. Уәкілетті органның ұстанымына сәйкес бұл көлік электромобиль болып табылады.

​Осындай реттерде, 141 бірдей автокөлікке кеден өкілдерімен және декларанттармен 7 жағдайда гибрид коды қолданылған, бұның өзі бюджетке шамамен 80 млн теңгенің негізсіз төленуіне және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырған. Ал кеден органдары уақтылы бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды қабылдамаған.

Бүгінгі күні көлік прокуратураның енгізген ұсынысы бойынша мұндай тәжірибені жою және декларанттарға (гибридті ретінде ресімделген автомашиналардың меншік иелеріне) ақшасомаларын қайтару бойынша шаралар қабылдануда.

Сондай-ақ, кінәлі қызметкерлерді тәртіптік, ал кеден брокерлерін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.

Қылмыс белгілері бар жекелеген материалдар қылмыстық қудалау органдарына жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы