Электр энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне қатысты кездесу өтті

13 Наурыз 2022, 17:06
1692
Бөлісу:
Электр энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне қатысты кездесу өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрлігі «Желілік Компания» АҚ – Татарстан Республикасының электр желілік компаниясы, «Самұрық энерго» АҚ және «KEGOC» АҚ өкілдерімен электр энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді, министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында «Желілік Компания» АҚ Татарстан Республикасының электр желілері кешенін цифрландырудағы тәжірибесі мен жетістіктерін таныстырды.

Өз кезегінде ҚР Энергетика вице-министрі бүгінгі таңда Қазақстанда "Ақылды желілер" технологиясын енгізу тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, соның аясында Татарстан Республикасының тәжірибесін зерделеу белгілі бір қызығушылық тудыруда екендігін хабарлады.

Сонымен қатар кезлесу барысында Қазақстанның мүдделі кәсіпорындарымен кездесулер ұйымдастыру, әрі қарай тәжірибе алмасу және саланы дамыту мақсатында жұмыс тобын құру бойынша ұсыныстар айтылды.

Өзгелердің жаңалығы