Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ алаңында онлайн форматта өткен брифингте Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Елдос Сметов айтты.
Ақтық сынға жолдама үшін күрескен жапондық балуан - бұрыннан кездесіп, күресіп жүрген спортшыларымыздың бірі. Бұл спортшымен көптеген жарыста бақ сынастық. Екеуіміз де бір-біріміздің қыр-сырымызды толық білеміз деп айта аламын. Жарыста қарсыласым да, мен де 100% дайындығымызды көрсеттік. Бірақ бұйырмады, - деді спортшы.Елдос Сметов пандемия жағдайында көрермендерсіз өтіп жатқан жарыс кері әсерін тигізгеніне тоқтала кетті.
Бұл пандемия ешкімге жақсылық алып келген жоқ. Кері әсерін тигізбей қоймайды. Сол себепті бізге өте ауыр болды. Қолдаушыларымыздың трибунадан көрсетіп отырған қолдауларын, айқайлаған дауыстарын әрқашан сезінетінбіз. Дзюдо спортына қызығушылық танытатын көрермендер өте көп, - деп айтты ол.Олимпиаданың екі дүркін қол жүлдегері Олимпиаданың көрермендерсіз өтуі барша спортшыға ыңғайсыздық тудырғанын жеткізді.
Айта кетсек, бүгін дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.