Елдос Сметов чемпион болған соң жол төселді ме? – Қарашөкеев жауап берді

Бүгiн, 12:09
164
Бөлісу:
Елдос Сметов чемпион болған соң жол төселді ме? – Қарашөкеев жауап берді
VIDEO
Фото: Ақорда

Парламент палаталарының бірлескен отырысы кулуарында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің көшесіне төселген жол туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, аталған жол қазан айында төселеді деп жоспарланған.

Ол ауылда қазан айында асфальт төселеді деген жоспар болған. Қазір жол жөндеу бойынша да мемлекеттік жұмыстар оңай емес. Сондықтан, процесс басталған еді. Ұтып алған мердігерлер екінші мердігерлермен соттасып, асфальт төсеу мәселесі кешікті. Мерзім бойынша біз шілде айында асфальт төсеуіміз керек болатын. Сол себепті мердігерлер өз тарапынан жолды жөндеп берді. Сметовтің ауылында 6-8 жолды жөндеу жоспарда бар еді. Оған үлгермей жатыр, – деді Қарашөкеев.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Елдос Сметов дзюдодан чемпион атанған соң, оның үйіне баратын жолға асфальт төселген. Кейін бұл әрекет әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы