Елдің төрт қаласындағы мектептерге полицияны жедел шақыру жүйесі орнатылды

11 Маусым 2021, 11:19
3569
Бөлісу:
Елдің төрт қаласындағы мектептерге полицияны жедел шақыру жүйесі орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Оның айтуынша, ел  мектептері мен  ауруханаларына  полицияны жедел шақыру жүйесі орнатылуда. Оның сигналы Жедел әрекет ету орталығына немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне келіп түседі. Қазір мұндай жобалар Қарағанды, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында жүзеге асырылуда. Біртіндеп барлық облыс орталықтары осындай жүйемен қамтамасыз етілетін болады.

Полиция тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысына ақпараттық технологиялар көмегін пайдаланады. Ішкі істер органында құқықбұзушылықтың алдын алу үшін бейнбақылау жүйесі кеңінен қолданылады. Көше қиылыстарында, аулаларда, көшеде, ойын-сауық орталықтарындағы  қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ел бойынша 417 мың бейнекамера орнатылды. Оның 4 мыңға жуығын Полиция департаментінің Жедел әрекет ету орталығы бақылайды. Жыл басынан бері осындай камералар көмегімен 3,5 мыңға жуық қылмыс ашылды. Бір миллионға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы