Елдің бес өңіріне қатысты дауылды ескерту жарияланды

4 Мамыр 2022, 04:48
1452
Бөлісу:
Елдің бес өңіріне қатысты дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 4-6 мамыр аралығында таулы өңірлерде қатты нөсер жауатынын, найзағай ойнайтынын әрі дауыл тұратынын ескертеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктер Алматы облысының таулы аудандарында және Алматының іргелес аумақтарында өзендердегі су деңгейінің көтерілуін, ой-шұңқырлы жерлерге судың көптеп жиналуын болжайды.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі.Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының шығысында күн күркіреп, дауыл тұрады. Қызылордада найзағай ойнайды.

Таразда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

5 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 4-6 мамырда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдап, бұршақ түседі, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің таулы аудандардағы екпіні 15-20 м/с құрайды, 4 мамырда жел күшейіп, екпіні 25 м/с жетеді, – делінген «Қазгидромет» РМК мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы