Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Бүгiн, 07:17
313
Бөлісу:
Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 2 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Қазақстан аумақтарының басым бөлігі циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Осыған байланысты солтүстікте қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады, – деп жазылған хабарламада.

Синоптиктер болжамынша, Республика бойынша тұман, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы