Елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

3 Қаңтар 2024, 09:10
1879
Бөлісу:
Елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Фото: Архив BAQ.KZ

3 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК мамандарына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар әлі де Қазақстанның ауа-райына әсер етеді. Сол себепті құбылмалы ауа райы сақталады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, елдің басым бөлгінде жауын-шашын болады (көбінесе қар). Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, боран, екпінді жел соғады.

Өзгелердің жаңалығы