Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басқарма басшысы Асхат Жақыпов елдегі жылу орталықтарының жағдайы жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуына қарағанда, бүгінде елімізде ЖЭО қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Қазіргі таңда жылу электр орталықтарында кестеге сәйкес температура параметрі жұмыс істеп тұр. Өткен демалыс күндері бұзушылықтар болды. Екібастұз қаласына келетін болсақ, қазіргі таңда 10 қазандықтың 7-еуі жұмыс істеп тұр. Температура режимі таңертеңнен бері көтерілді. Сондай-ақ Теміртау қаласында «Bassel Group LLS» станциясында бұзушылықтар болды. Қазіргі таңда станция штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, - деді басқарма басшысы.
Сөзінше, температуралық кестеге сәйкес жылу беріліп жатыр.
Теміртау қаласындағы «Bassel Group LLS» станциясында бұзушылықтар қалпына келтіріліп, таңертеңнен бастап, штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл станция Теміртау қаласы тұрғындарының 5 пайызын ғана жылумен қамтитынын айта кетейін. Осы орайда барлығы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, - деді Жақыпов.
Оның айтуынша, Ақтау қаласындағы ЖЭО-лар да штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ол бұзушылықтар жылу желілерінде болғанын атап өтті. Бірақ қазір тұтынушыларға жартылай жылу берілді. Кестеге сәйкес станциялар жұмыс істеп жатыр. Ақтауда ауа райы +2 градусты көрсетіп отыр.
Бүгінгі күні барлық станция кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр. Таңертеңнен бәрі жылу беріліп жатыр. Апта сайын жиналыстарда ЖЭО-лар мәселесін қадағалап, бақылап, құрылыс мәселелерін көтеріп отырмыз. Десе де бұзушылықтар бар. Қазір Степногрск, Балқаш, Ақтау, Көкшетау қалаларында жылу желілерінде болған бұзушылықтар қалпына келтірілді. Жылу беріліп жатыр, - деді Асхат Жақыпов.