Елдегі жеті мыңнан астам мектепке 162 мың камера орнатылған

20 Ақпан 2023, 12:03
1025
Бөлісу:
Елдегі жеті мыңнан астам мектепке 162 мың камера орнатылған
Фото: inform.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазіргі әлемнің келбеті күн сайын өзгеріс үстінде. Егер өткен екі ғасыр өнеркәсіптің қарқынды даму кезеңіне айналса, ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялар мен цифрландырудың гүлдену кезеңі.

Бүгінгі таңда цифрлық шешімдер полиция қызметінде құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін де, қылмыстарды жедел ашу үшін де белсенді қолданылады. Сенат депутаттары Ішкі істер органдарының заманауи  технологияларымен танысты. Елорданың жедел басқару орталығында ІІМ басшылығымен қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мәселелерін талқылады. Депутаттар «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес келетін қоғамның нақты сұраныстарын ескеретін қоғаммен әріптестікте Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының әзірленіп жатқан жобасы туралы хабардар болды. Бұл жұмысқа бірінші кезеңнен бастап жұртшылық, ҮЕҰ, тәуелсіз сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен ғылыми қоғамдастық белсенді қатысады, - деп түсіндірді ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Сонымен қатар сенаторлар ЖБО-да және полицияның кезекші бөлімдерінде мектептердің бейнекамералары мен дабыл түймелерін шығару бойынша жұмыстармен, сондай-ақ «SOS түймелерін» орнату арқылы қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

Елде 162 мың камера орнатылған жеті мыңнан астам мектеп бар. Оның ішінде 3 593 оқу орны ЖБО-ға және кезекші бөлімдерге қосылған. Республика бойынша 174 «SOS түймесі» жұмыс істейді. Өңірлік ЖБО-ның бейнебақылау жүйесіне бөгде бейнекамераларды интеграциялау және полиция органдарының қызметтік кабинеттері мен қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін бейнебақылау камераларымен жарақтандыру туралы баяндалды. Қоғамнан оқшауланумен байланысты емес сотталғандарды және есепке алынатын адамдарды бақылауға арналған электрондық білезіктер көрсетілді. Сондай-ақ қонақтарға ІІМ Ситуациялық-талдау орталығының жұмысы туралы айтылды, ол жедел жағдайды талдайды, әртүрлі өңірлердегі құқық бұзушылықтардың өсуін бақылауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді, - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі.  

Өзгелердің жаңалығы