Елдегі жастар жұмыссыздығы мәселесін шешпесек, қаңтар оқиғасы қайталануы мүмкін - депутат

20 Шілде 2022, 12:35
1863
Бөлісу:
Елдегі жастар жұмыссыздығы мәселесін шешпесек, қаңтар оқиғасы қайталануы мүмкін - депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев Amanat партиясының ұйымдастырумен өткен іс-шарада осылай деп мәлім етті.

Негізі ресми ақпарат дерегінде 4 пайыз деп берілген ал менің есебім бойынша елімізде 20 пайызға жуық жастарымыз жұмыссыз жүр. Оған дәледер көп, біріншіден, NEET санатындағы жастар 300 мыңға жуық, екіншіден, жұмыссыз жүрген 80 мыңға жуық жастарымыз бар. Үшіншіден, бізде өзін өзі қамтыған 3 млн азамат бар дейміз. Соның 4/1 жуығы жастар ол шамамен 600 мыңға жетеді. Дерекке қарап, 1 млн жастарымыз жұмыссыз деп айтуға болады,-  деп түсіндірді депутат Елнұр Бейсенбаев.

Сонымен қатар депутаттың сөзінше, жоғары оқу  орынын тәмандаған азаматтардың алғашқы жылы 40 пайызы жұмысқа орналаса алмайды.

«Жастар Рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың мәлімдеуінше, жастар қанатын трансформациялаудың негізгі басымдықтары – патриотизмді, жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру және жастардың білім жолындағы әлеуетін арттыру.

Ұйымымыздың трансформациясы Съезд жұмысынан бастапды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бейне үндеуінде атап өткендей, өз Отаны үшін қажетті және пайдалы болуға ұмтылу – әрбір жас адамның мақсаты болуы тиіс. Біз жастар ортасында Жаңа Әділетті Қазақстанның құндылықтары мен қағидаттарын қалыптастырып, орнықтыруымыз керек. «Жастар Рухы» 100 мыңнан астам жас қазақстандықты біріктіреді және Қазақстанды жаңғырту үшін біз ел жастарының зияткерлік, еңбек, шығармашылық және спорттық әлеуетін жұмылдыру үшін бар күш-жігерімізді саламыз, -  деп атап өтті ол.

Өзгелердің жаңалығы