Елдегі үйлердің 60%-ға жуығы Кеңес Одағы кезінде салынған

25 Мамыр 2021, 13:34
6533
Бөлісу:
Елдегі үйлердің 60%-ға жуығы Кеңес Одағы кезінде салынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық статистика бюросының сауалнамасына сәйкес, тәуелсіздік алғанға дейін елімізде тұрғын үйлердің 59,6%-ы салынған. Ал соңғы бес жылда 145,9 мың үй салыныпты, бұл жалпы салынған тұрғын үйдің 6,1%-ын құрайды, деп хабарлайды Еnergyprom.kz.

Айта кетейік, тұрғындардың 45,9%-ы көп пәтерлі үйлерде тұрады. Айтарлықтай пайызы жеке үйлерге тиесілі - 43,2%. Ел азаматтарының тағы 9%-ы екі пәтерден тұратын үйлерде, 1,5%-ы үйдегі жеке бөлмеде, 0,4%-ы пәтердегі жеке бөлмеде тұрады екен.

Елдегі үйлердің 60%-ға жуығы Кеңес Одағы кезінде салынған

Бұл ретте 1-4 адамнан отбасының басым бөлігі көп пәтерлі үйлерде, ал 5 және одан да көп адамнан тұратын отбасы жеке үйлерде тұрады.

Бөлмелерге келетін болсақ, азаматтардың (отбасы) 58,5%-ы үш немесе одан да көп бөлмелері бар үйлерде, 30,5%-ы екі, 11,1%-ы бір бөлмелі үйде тұрады. Ел азаматтарының көпшілігінде екі бөлмелі және үш бөлмелі үйде тұрады.

Елдегі үйлердің 60%-ға жуығы Кеңес Одағы кезінде салынған

Сауалнамаға қатысқан адамдардың тұратын үйлерінің орташа жалпы ауданы 69,2 шаршы метр, оның ішінде орташа тұрғын ауданы 48,2 шаршы метр.

Бір адам тұратын үйдің орташа тұрғын ауданы 35,8 ш. м., 2 адам - 42 ш. м., 3 адам - 45,5 ш. м., 4 адам - 48,9 ш. м., 5 және одан да көп адам - 62,5 ш. м.

2020 жылдың қорытындысы бойынша елде 2,4 млн тұрғын үй болған. Олардың үштен бірінен астамы Алматы (350,9 мың үй), Түркістан (325,5 мың үй) және Шығыс Қазақстан (210,4 мың үй) облыстарында орналасқан.

Елдегі үйлердің төрттен бірі кірпіш пен тастан жасалған: 610,5 мың, сонымен қатар танымал материалдардың ішінде монолитті темірбетон және каркас- панельді.

Елдегі үйлердің 60%-ға жуығы Кеңес Одағы кезінде салынған

Үйлердің 31,5%-ы 1970 жылға дейін, 8%-ы 1976-1980 жылдары, тағы 7,8%-ы 1986-1990 жылдары салынған. Тұтастай алғанда, тәуелсіздік алғанға дейін (1991 жылға дейін) елдегі тұрғын үйлердің 59,6%-ы салынған екен. Соңғы 5 жылда елімізде 145,9 мың үй салынды, бұл дегеніміз жалпы салынған тұрғын үйдің 6,1%-ын құрап отыр.

Жалпы ауданы 405,5 мың ш.м. 1,8 мың үй апатты жағдайда тұр, онда 24,4 мың адам тұрады. Апатты жағдайдағы үйлердің көпшілігі Алматы облысында: 332 құрылыс. Проблемалық тұрғын үйлер елорда мен Атырау облысында да көптеп кездеседі.



Өзгелердің жаңалығы