Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз орталығы елімізде биыл 99,8 мың гектар күріш егілгенін, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12,4 мың гектарға артық екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірлердің бөлінісінде ең үлкен алқап Қызылорда облысында – 88,1 мың га, қалған облыстарда егістіктер келесідей бөлінді: Алматы облысында 7 мың га, Жетісуда 1 мың га, Түркістан облысында 3,7 мың га.
Жоспарланып отырған егінді жинау қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін толығымен жабады, сондай-ақ экспортқа қажетті көлемді қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда былтырғы қалдықтарды қоса есептегенде, күріш жармасының қоры 60,4 мың тоннаны құрайды. Бұл қыркүйекте жаңа егін жиналғанға дейін ішкі тұтыну қажеттерін жабу үшін жеткілікті, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, биыл күрішті 2022 жылмен салыстырғанда көбірек жинау жоспарланып отыр. Тиісінше, жарманың тапшылығына байланысты бағаны өсіруге объективті себептер жоқ. Алайда, бағаның өсуіне сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін (басқа елдердегі егіннің болмауы, экспорттың жоғары сұранысы және т.б.).