Елдегі кен орындарының қоры таусылуға жақын

4 Мамыр 2022, 11:53
2261
Бөлісу:
Елдегі кен орындарының қоры таусылуға жақын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді. 

Пайдалы қазбалардың мемлекеттік теңгерімінде 8 мыңнан астам кен орны ескеріліп, оның ішінде: мұнай-газ – 317 (мұнай, газ, конденсат), қатты пайдалы қазбалар – 910, кең таралған пайдалы қазбалар ҚТПҚ – 3,0 мыңнан астам және 4 мыңға жуық жер асты суларының кен орындары бар. Қазақстан Республикасындағы мұнайдың баланстық қоры   4,4 млрд тоннаны, газ – 3,8 трлн. текше метр, конденсат – 420,5 млн. тонна құрайды. Қордың басым бөлігі Атырау (75%) және Маңғыстау (11%) облыстарында шоғырланған. Бұл ретте, көмірсутек шикізаты қорының 70%-ға жуығы 3 ірі кен орындарының – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ үлесіне тиесілі. Пайдалы қазбалардың көптеген түрлерінің расталған қоры бойынша республика әлемнің жетекші елдерінің алғашқы ондығына кіреді. Атап айтқанда, хром бойынша – 1-орын, вольфрам бойынша – 2-орын, мырыш, қорғасын бойынша – тиісінше 3 және 4 орын, мыс бойынша – 6 орын, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол геология саласын алда қандай проблемалар күтіп тұрғанына тоқталды. Соның бірі - елдегі кен орындарының қоры таусылуға жақын деп отыр.

Бұл ретте, пайдалы қазбаларды қарқынды өндіруге байланысты геология саласының алдында тұрған басты сын-қатері - қорлардың толықтыру деңгейінің төмендігі. Өндірудің қазіргі деңгейін алатын болсақ, тиісті толықтырусыз көптеген игерілетін кен орындарының қорлары таяу болашақта таусылатын болады, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы