Елдегі білім беруді дамытуға бизнес қалай көмектеседі. Solidcore Resources үлгісі

1 Қазан 2024, 11:20
398
Бөлісу:
Елдегі білім беруді дамытуға бизнес қалай көмектеседі. Solidcore Resources үлгісі
Фото: Solidcore Resources

2024 жылға арналғанреспубликалық бюджетте білім беру саласына шамамен 23,3 триллион теңге қарастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет білім беру инфрақұрылымындамытуға инвестиция құйып, жаңа мектептермен балабақшаларсалып жатыр, қызметкерлердің еңбекақысын көтеріп, білім алушыларғагранттар бөліп келеді. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстар әлі де тыңғылықты жауапкершілікті талап етеді.

Білім беру саласындағы қажеттіліктердің бір бөлігіжергілікті бюджет, сондай-ақ коммерциялық және өндірістік кәсіпорындардың демеушілігімен атқарылады.

Осы ретте Solidcore Resourcesкомпаниясы және оның еншілес кәсіпорындары білім беруді өздерінің әлеуметтік инвестицияларының негізгі саласы және бағытының бірі деп санайды. Оның ішінде, компания білім беру объектілеріне кезең-кезеңімен қаражат бөледі.

Мәселен, Қостанай облысының бірқатар орта мектептерімен кітапханаларына Solidcore-дың еншілес кәсіпорындары «Варваринское»АҚ және «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС қаражаты есебінен жөндеу жүргізілді(ғимараттың сырты, шатыры, жылытужүйелері, терезелер), спорттықкерек-жарақтар алынып, шеберханалар мен тіл орталықтары ашылды.

Кәсіптік дағдыларды оқытуға да көңіл бөлінеді. Мектеп-интернаттолық заманауи жабдықтармен қамтылды, шаштараз кабинеті, сондай-ақ компьютерлік сынып жәнеаспаздық кабинеті жұмыс істеп тұр. Лисаков техникалық колледжіүшін экскаватордыңтренажер-симуляторы сатып алынды.

Жалпы, «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС және «Варваринское» АҚ 2010жылдан бастап Қостанайоблысындағы әлеуметтік жобаларға7,7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді.

Елдегі білім беруді дамытуға бизнес қалай көмектеседі. Solidcore Resources үлгісі

Solidcore Resources-тің тағы бір еншілес кәсіпорны «Бақыршық тау-кен кәсіпорны»ЖШС өз өңіріндегі білім беру саласын белсенді қолдайды. Кәсіпорын Абай облысы Жарма ауданы мектептерінің түлектерін оқытуды жалғастыру үшін білім беру гранттарын бөледі, сондай-ақ мектептерді жөндеуге, жарақтандыруға, көлікті сатып алуға және техникалық қызмет көрсетуге қаражат бөледі. Компания әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетіп отырады. Олар үшін жазғы мектеп жанындағы лагерьлер ұйымдастырады, мектепке қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етеді.

Жарма технологиялық колледжінде Бақыршық тау-кен кәсіпорнының қаржылай көмегі есебінен Komatsu маркалы экскаватор мен автосамосвалдың тренажер-симуляторы орнатылды, Сонымен қатар дәнекерлеу аппараттарын,токарлық станоктарды және оқу құралы ретінде пайдалану үшін басқа да жабдықтарды беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

2014 жылдан бастап«Бақыршық тау-кен кәсіпорны» ЖШС әлеуметтік жобаларға 18 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлді.

Елдегі білім беруді дамытуға бизнес қалай көмектеседі. Solidcore Resources үлгісі

Solidcore Resources сонымен қатар еңбеккерлердің біліктілігіне көңіл бөліп, өндірісте сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіпорын есебінен жоғары білім алуға көмектеседі. Оқуға өтінімдерді қарау кезінде «Металлургия», «Геология», «Тау-кен ісі» мамандықтарына және басқа да бейіндік бағыттарға басымдық беріледі.

Компанияда құрылған оқыту жүйесі қызметкерлердің жеке мүдделерін де, компанияның өзекті және болашақ қажеттіліктерін де ескеріп отырады. Біз негізгі кадрларға жеке даму бағдарламаларын және олардың біліктілігін тұрақты бағалауды ұсына отырып, қызметкерлердің өндірістік дағдылары мен біліктілігін арттыруға тырысамыз. Біз геология мен тау-кен жұмыстарынан бастап дизайнға дейінгі әртүрлі салалардағы оқыту курстарының желісін үнемі кеңейтіп отырамыз. Бұл ретте біз тек кәсіби ғана емес, сонымен қатар басқарушылық құзыреттерді дамытуға назар аударамыз, - деді Solidcore HR-бағытының басшысы Айнұр Бекдаирова.

Өзгелердің жаңалығы