Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елдегі барлық учаскеде дауыс беру аяқталды. Дауыс беру тек елден тыс жерлерде 44 учаскеде жалғасады. Дауыс беру процесін кандидаттардың сенімді адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдері бақылауды жүзеге асырды. Қорытынды статистика ертең ұсынылады, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
Аумақтық комиссиялар ұсынған алдын ала сайлаушылардың келу нәтижесі төмендегідей:
Абай облысы бойынша – 57,02%
Ақмола облысы бойынша – 60,01%
Ақтөбе облысы бойынша – 58,00%
Алматы облысы бойынша – 60,03%
Атырау облысы бойынша – 51,23%
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20%
Жамбыл облысы бойынша – 65,21%
Жетісу облысы бойынша – 55,32%
Қарағанды облысы бойынша – 59,48%
Қостанай облысы бойынша – 65,10%
Қызылорда облысы бойынша – 67,21%
Маңғыстау облысы бойынша – 54,10%
Павлодар облысы бойынша – 58,68%
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%
Түркістан облысы бойынша – 53,01%
Ұлытау облысы бойынша – 58,99%
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%
Астана қаласы бойынша – 42,91%
Алматы қаласы бойынша – 25,82%
Шымкент қаласы бойынша – 45,46%.
Айта кететін жайт, ел аумағы бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.