Елдегі барлық нормативтік-құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуге тиіс – судья

27 Тамыз 2022, 14:42
1185
Бөлісу:
Елдегі барлық нормативтік-құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуге тиіс – судья

Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 30 тамыз – Конституция күніне орай баспасөз мәслихаты өтті. Оған Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ұлан Қажыкен қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конституция қазақ халқы үшін жат емес. Констуциялық идеялар Қазақстанда XV-XVII ғасырларда «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысы» секілді жарғылардан құрастырылған. Олар елдің қалыптасуына өз іздерін қалдырған. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Констиуциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Елдің басты заңын қабылдауға алдымен ел тұрғындарының Конституция жобасын кеңінен талдауы өзек болды. Конституциялық негізгі құқықтары бұзылған әрбір азамат оларды қорғау үшін елдің негізгі Заңына тікелей сілтеме жасай отырып сотқа жүгіне алады, – деді Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ұлан Қажыкен.

Оның сөзінше, Қазақстандық соттар мен сот төрелігіне Республика Конституциясының сот билігінің мемлекеттік билік болу жүйесі, орны, оның қалыптасуы және қызмет принциптерін айқындайтын арнайы бөлімде жазылған. Конституцияның жетінші тарауының мемлекеттік билікті бөлуге арналуы қалыптасу және іс-әрекеттр принциптері жүйесінің орнын анықтайды.

Конституциялық норма ҚР сот жүйесі және судьялардың беделі туралы Конституциялық заңмен нақтылайды. Сот билігінің өзіне тән белгілері – тек қана арнайы мемлекеттік органдармен, соттармен сот отырыстар азаматтық, қылмыстық және әкімшілік заңмен анықталған басқа істерді қарау арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Конституция негіздері арасында келесі принциптер айқындалады. Ол – сот билігінің мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретіндегі орны. Жоғарғы соттың нормативті қаулыларын бекіту, сот билігін белгілеу және жүзеге асыру формалары, соттар жүйесі, сот құрылысын және сот өндірісін негіздері құрайтын заңдар қабылдау тәртібі, әділ сот принципі жүйесі. Қазіргі заманда Қазақстан сот жүйесі жетілу сатысында. Әрі қарай судьялардың кәсіби деңгейін арттыру арқылы күшті және дербес сот билігін қалыптасады. Соның негізі осы Конституцияда бекітілген, – деді судья.

Ұлан Қажыкен Конституциялық нормаларды судьялар күнделікті өмірде қалай қолданатынын баяндады. Оның сөзінше, Конституцияның ең жоғарғы заңды күші бар және елдегі барлық нормативтік-құқықтық актілер оған қайшы келмеуге тиіс. 

Судьялар күнделікті шешім қабылдаған кезде азаматтық және әкімшілік істерге сәйкес Конституцияны негізге аламыз. Мысалы, қазіргі уақытта кейбір заң нормалары Конституцияға қайшы болса, Ата Заңның қағидаттарын негізге ала отырып дұрыс шешім қабылдаймыз. Басқа заңдар, нормативтік-құқықтық актілер Конституциядан төмен саналады. Шыны керек, шешім қабылдағанда Конституцияда көрсетілген қағидаттарға сәйкес келе ме деген сұрақ қоямыз, – деді Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ұлан Қажыкен Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы