Елдегі 150-ден астам аудандық басылым жекеменшік - министр

25 Қаңтар 2023, 16:56
978
Бөлісу:
Елдегі 150-ден астам аудандық басылым жекеменшік - министр

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өңірлік БАҚ форумында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Цифрлық технологиялар адамзаттың ақпарат тұтыну әдеттерін түбегейлі өзгертті. Бүгінде газет-журналдардың таралымы төмендеп, оқырмандар ақпаратты негізінен интернет-ресурстардан алатынымыз белгілі. Соның салдарынан көптеген басылымдар өз жұмысын тоқтатуға немесе тираж санын күрт азайтуға мәжбүр болды. Әсіресе пандемия кезінде дәстүрлі баспалар күрделі тектоникалық өзгерістерді бастан кешірді, - деп атап өтті министр. 

Сонымен қатар ведомство басшысы бұл қиындықтардың өңірлік басылымдарды да айналып өтпегенін тілге тиек етті. Тіпті бірқатар ақпарат құралдары жекеменшікке айналған. 

Тиісті талаптарға сай келмегендіктен, бөлінген қаражаттардан құр қалған редакциялар емес. Кейбір БАҚ-тар түрлі себептермен жекешеленіп те кетті. Мәселен, аудандарда 159 газет жекеге өткен. Бірақ біз өңірлік басылымдарды жекеменшік не мемлекеттік деп бөлмей, барлығына да қолдау көрсетуге әзірміз. Таралымның азаюы, басылымдардың жабылуы бізді ғана емес, бүкіл әлемді мазалап отырған түйіткілді түйін. Мысалы, АҚШ-та 2005 жылдан бері 2500-ден астам газет, ал Ұлыбританияда 265 газет жабылған. Көршілес Ресейде соңғы онжылдықта газеттер мен журналдардың саны 40 пайызға азайған, - деді Дархан Қыдырәлі. 

Еске сала кетейік, елордада өңірлік мерзімді баспасөз басылымдары форумы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы