Елімізде отандық шаруаларды қолдауға бағытталған жаңа жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған мүмкіндік ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға арналған. Оларға 5 пайыздық несие қаржылай колдау ретінде беріледі. Қаражатты шаруалар отандық шикізат сатып алу үшін пайдаланады.
Айта кетейік, ел Үкіметі бастаманы іске асыру үшін қазынадан 30 млрд теңге бөлуді жоспарлаған.
Келесі жылдан бастап агроөнеркәсіп кешінін субсидия алуға өнім бермей, бірден арзанырақ несие алуға мүмкіндік ашылып, қаржы институттарын тікелей субсидиялау басталады. Бұл бағыт өңдеуші кәсіпорындарға айналым қаражатын алу үшін сынақтан өткізілуде. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың жаңа тәсілін субсидиялау процессінде қажеті жоқ бюрократияны жойып жатырмыз, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.