Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков қант тапшылығы неден пайда болып отырғанын түсіндірді.
Жалпы, тапшылық деген жоғары сұраныстан пайда болады. Қаланың ірі сауда орталықтарынан қанттың жағдайын сұрап білдік. Бір ай бұрын басталған қант мәселесі халық арасында дүрбелең тудырған. Осы дүрбелең ірі сауда орындарында қанттың тонналап сатылуына себеп болды, - деді ол Сауда министрлігінде өткен жиында.
Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев республикада 67 мың тонна қант қоры бар екенін айтты.
Тағы да айтамын – жалпы республика бойынша тапшылық жоқ. Еліміздің бүкіл жерінде қантты асығыс сатып алуда. Қант тапшылығын туғызбау үшін кейбір сауда орындары бұл қанттың сатылуын шектеп отыр. Бірақ жалпы бізде айтарлықтай мәселе жоқ. Бізде қазір 67 мың тонна қант қоры бар. Яғни, халықтың сұранысына қажетті көлем бар, -деді Қазанбаев.
Айтуынша, қанттың орташа бағасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырындағы мәселе.
Жалпы, қант әртүрлі елдерден әкелінеді. Үндістан, Мексика, Бразилиядан әкелінетін қант түрлері бар. Әрқайсысының бағасы әртүрлі. Баға бізге тасымалданатын көлемге және өндіруші елге де байланысты. Сондықтан, толығырақ ақпарат алу үшін АШМ-ға хабарласқандарыңыз жөн, - деді ол.
Сонымен қатар спикер қазіргі статистика бойынша қанттың орташа бағасы 450-470 теңгені теңге екенін, мәлімет апта сайын жаңарып отыратынын айтты.