Елде карантиндік шаралар жеңілдетіледі

25 Тамыз 2021, 09:36
3611
Бөлісу:
Елде карантиндік шаралар жеңілдетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.
 

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімді мақұлдады.   

1. Биыл 28 тамыздан бастап  рұқсат беріледі:   

️«ASHYQ» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, «ASHYQ» жобасының көшбасшылары - «ASHYQ» қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің ️«жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін;   

сенбі күні - қоғамдық көлік қызметіне.   

2. Биылғы 30 тамыздан бастап жұмыс күндері:   

️«ASHYQ»  жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, ️«ASHYQ»  жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.   

Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін 4 қыркүйектен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері  6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарлануда.  

Сондай-ақ, ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Премьер-министрдің орынбасары тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмалар берді:   

 

️медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;   

санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;   

️педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында ️«ASHYQ» жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;   

️білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;  

 

  • мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.

 

ВАК отырысында Премьер-министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы