Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров хабарлады.
БАҚ-та шикізаттың жеткіліксіздігі салдарынан бірқатар диірменнің қызметі тоқтайтыны туралы ақпараттар тарағаны белгілі. Бірден айтып өтейін – елімізде ешқандай астық тапшылығы жоқ. Баршаңызды дүрлікпеуге, сондай-ақ жеке мүддені халықтың қызығушылығымен жасырмауға шақырамын, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар ол статистика деректеріне тоқталып өтті.
Алдын ала статистика деректеріне сәйкес 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 6,4 млн тонна астық бар. Ішкі тұтынуді есепке алсақ, бұл көлем өзімізді қамтамасыз етуге және оның бір бөлігін ұн түрінде экспортқа жіберу үшін барынша жеткілікті, - деді вице-министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова нан бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірген болатын. Сондай-ақ ол ішкі нарықтағы баға тұрақтылығы қалай қамтамасыз етілетіндігін түсіндірді.