Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Үкіметтің қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізілді.
Құжатта ковидтік ауруханаларында жұмыс істейтін дәрігерлерге қосымша ақы белгілеу қарастырылған. Құжат жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.
COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларда жұмыс істегені және оны жұқтыру қаупі үшін қосымша ақы
Жоғары тәуекел
COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін анықталған реанимация бөлімшелері (төсек) мен басқа да стационарларды қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық персонал, инфекция жұқтырған пациенттермен және (немесе) биологиялық материалдармен тікелей байланысы бар клиникалық бөлімшелер мен параклиникалық құрылымдардың қызметкерлерін қоса алғанда - жеті еселік БЛА\ нақты жұмыс істеген сағаттары үшін.
Орташа тәуекел
зертханалардың (сынама алуды қабылдау бойынша бөлімдердің) қызметкерлері: санитариялық-эпидемиологиялық маманы, дәрігері, зертхана маманы, сынама алу маманы, зертханашы - бес еселік БЛА\ нақты жұмыс істеген сағаттары үшін: COVID-19 коронавирустық инфекциясымен контаминацияланған биологиялық материалмен; COVID-19 коронавирустық инфекциясын ықтимал жұқтырған адамдардан биологиялық материалды алумен тікелей жұмыс істейтіндерге.
Төменгі тәуекел
COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін анықталған реанимация бөлімшелері (төсек) мен басқа да стационарларды қоса алғанда, провизорлық стационарлардың, провизорлық бөлімшелердің дәрігерлері, орта және кіші медициналық персоналы, инфекция жұқтырған пациенттермен және (немесе) биологиялық материалдармен тікелей байланысы бар клиникалық бөлімшелер мен параклиникалық құрылымдардың қызметкерлерін қоса алғанда;
COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар, сондай-ақ СOVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын клиникалық және эпидемиологиялық белгілер бойынша вирустық пневмониясы (COVID-19 коронавирустық инфекциясының ықтимал жағдайы) бар тіркелген контингент қатарынан стационарлық жағдайда пациенттерге медициналық көмек көрсететін, сондай-ақ жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шараларға байланысты биологиялық материалды алуға айқындалған орталық атқарушы органдардың және басқа да орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің дәрігерлері, орта және кіші медициналық персоналы;
карантиндік стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина персоналы, жұқпалы пациенттер және (немесе) биологиялық материалдармен тікелей байланыс бар барлық клиникалық бөлімшелер мен параклиникалық құрылымдардың қызметкерлерін қоса алғанда - үш еселік БЛА\ нақты жұмыс істеген сағаттары үшін.
жедел медициналық жәрдемнің, оның ішінде амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрігерлер, фельдшерлер және жүргізушілер - COVID-19 коронавирустық инфекциясы диагнозы зертханалық расталған және (немесе) оған күмән тудырған пациентке (пациенттерге) бір немесе одан көп шақырту болғанда нақты жұмыс істеген ауысымда.
медициналық авиацияны тарта отырып, жедел медициналық жәрдемнің дәрігерлері мен орта медициналық персоналы тартылған жағдайда; шұғыл ден қою бригадаларының және апаттар медицинасы бригадасының дәрігерлері мен орта медицина персоналы, жүргізушілері мен қызметкерлері тартылған жағдайда; мобильді бригадалардың дәрігерлері, орта медицина персоналы және жүргізушілері - нақты жұмыс істеген сағаттары үшін.
жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шараларға байланысты биологиялық материалды алуға айқындалған шұғыл стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының қызметкерлері - нақты жұмыс істеген сағаттары үшін.
COVID-19 коронавирустық инфекциясы диагнозы расталған мәйіттерге сот-медициналық зерттеу, айыпталушылар мен жәбірленушілер және басқа адамдарға сот-медициналық сараптама жүргізу өндірісінде тікелей жұмыс істейтін сот сараптамасы органының дәрігерлері, орта және кіші медициналық персоналы - нақты жұмыс істеген сағаттары үшін.
Естеріңізге сала кетейік, министр медицина қызметкерлерінің төлемдері туралы айтқан болатын.
Медицина қызметкерлері 2021 жылдың қазанына дейін алған COVID жәрдемақыларын алып тастауға байланысты медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі, - деді ол.
Цойдың айтуынша, қазір бұл мәселе Қаржы министрлігімен бірлесе қаралып жатыр.
Біз жыл сайын медицина қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға арттырамыз. Енді дәрігерлердің орташа жалақысы 500 мың теңгеге дейін жетеді. Қауіпті аймақтарда жұмыс істейтін дәрігерлер орташа жалақыдан (500 мың теңге) көп алады, - деп нақтылады Алексей Цой.