Бір жылда (2023 жылғы қазан 2022 жылғы қазанға) жаңа тұрғын үйлерді сату 5,1% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағалары 5,3% төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қазанда 3,4% төмендеді.
Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтер нарығында жылдық мәнде баға Павлодар – 14,8%, Семей – 12,1% қалаларында қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығында баға өсімінің көшін Семей (14%), Қызылорда (11,7%) қалалары бастап тұрса, тұрғын үйді жалға алу нарығында – Жезқазған (26,3%), Көкшетау (20,6%), Қызылорда (20,2%) қалалары.
Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 6,8%-ға азайды
2023 жылғы қазан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 32 975 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 023 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 24 952 мәміле жасалды. 2023 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда (35 398) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 6,8%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 854 – 17,8%) және Астана (5 438 – 16,5%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 075 – 9,3%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 298 (0,9%).
2023 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда қазанда ең көп өсім Түркістан (+29,5%), Атырау (+8,9%) облыстарында және Шымкент (+4,8%) қаласында тіркелді. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Астана қаласында (-19,2%), сонымен қатар Абай (-15%) және Шығыс-Қазақстан (-11,9%) облыстарында болған.
2023 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 6,1%-ға (1 631 мәмілеге) кеміді. Қазан айында пәтерлер бойынша барлығы 24 952 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 75,7%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (21,2%), Алматы (21,2%) қалаларына және Қарағанды облысына (10,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, қазан айында олар бойынша 9 481 мәміле ресімделген.
2023 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда, қазанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 9%-ға азайып (792 мәмілеге), 8 023. Теріс динамика, Астана (+10,5%) қаласын қоспағанда, еліміздің барлық өңірінде тіркелген. Ұлытау облысында 33,3%-ға кему байқалады, ол өңірлер арасында ең үлкен көрсеткіш.
2023 жылдың қазанында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 4%-ға азайған, ол кезде 34 336 мәміле ресімделген болатын. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Ақтөбе облысында (-20,4%-ға) тіркелді, ал Алматы облысында ұлғаюдың ең үлкен көрсеткіші (25,1%-ға) байқалды. Динамиканың төмендеуі 2023ж. қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санының 2022ж. қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда орын алды және -24,5%.