23 ақпанда жұма күні еліміздің барлық өңірлерінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өткізілетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.
Сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты жер сілкінісі қаупі мен орын алуы кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру.
ТЖМ халыққа ескертуге құлақ асып, сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес береді.