2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлімдеді.
Жаңартылған тізімге кіретін науқастар мемлекет есебінен тегін медициналық бақылау, дәрі-дәрмек және талдаулар алады.
Жаңа тізімге мыналар кіреді:
- Туберкулез;
- ВИЧ-инфекция;
- Созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы;
- Қатерлі ісіктер;
- Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары;
- Алғашқы 6 айдағы миокард инфарктісі;
- Жүйке жүйесінің дегенеративтік аурулары;
- Орталық жүйке жүйесінің демиелинизациясы;
- Сирек кездесетін аурулар;
- Эпилепсия;
- Инсульт (1 жылға дейін).