Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң қабылданғанға дейін елімізде отбасын қолдау орталықтарының саны 33 болатын, бүгінде олардың саны 2 есе өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы отбасын қолдау орталықтары жұмысын қорытындылау кездесуінде Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің Отбасы саясатын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Іңкәр Тұрсын айтты.
Бізде қазір 65 отбасын қолдау орталығы бар. Олардың негізгі мақсаты қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасыларды дер кезінде анықтау, оларға тиісті ведоствоаралық жұмысты үйлестіру және отбасы саясатын жүргізу, – деді ол.
2027 жылға дейін барлық отбасын қолдау орталықтарының санын 200-ге жеткізу жоспарда бар.
Былтырғы жылмен салыстырғанда отбасын қолдау орталықтарының отбасыларға берген консультациялық жұмыстары 4 есе ұлғайды. Егер 2023 жылы біз 100 мыңнан астам консультация берсек, биыл 400 мыңнан астам консультация жүргіздік, – деді Іңкәр Тұрсын.